- Тестілеу барысында жетілетін білім беру мақсаттарының тізімі бар оқу пәнінің негізгі бөлімдері бар кестені құрастыру.
- Берілген бөлімге сәйкес келетін икемділік негізін қалайтын құралдардың жиынтығы белгіленеді.
- Оқу мазмұнының әр бөлімі үшін бірнеше есептік топтамалар құрастырылады, олардың әрқайсысы үш есептен құралады – 1,2 және 3 деңгейлі.
- Топтама аясында, есептер қиындық деңгейіне сай бағынышсатыны құрауға тиіс: бірінші деңгейлі есеп ең оңай, ал үшінші деңгейлі – ең қиын.
Берілген құрылымның арқасында тесттегі әр топтама оқу материалына сай бөлімнің иемдену деңгейін анықтайтын детектор қызметін атқарады.
Үш деңгейлі есеп оқу пәнінің мазмұнын иемдену үш деңгейіне сай келеді:
- Бірінші деңгей (ресми)
Есептегі жағдайдың сыртқы сипаттамалары мен әрекет етудің үлгілеріне бағыттану, соның ішінде:
а) есепті сыртқы сипаттамалар бойынша қайсыбір топқа (түрге) жатқызу;
ә) сәйкесінше, үлгіні немесе стандарттық кестені (алгортимді, әдісті, ережені) жаңғырту.
- Екінші деңгей (рефлексиялық)
Есептегі жағдайдың, әрекет етудің қағидалы мүмкіндіктерін анықтайтын, маңызды қарым-қатынасана бағыттану, соның ішінде:
а) есептегі жағдайдың элементтерін, біртұтас логикалық-пәндік құрылымға біріктіретін, маңызды қарым-қатынастарды іріктеп, шарттарын талдау;
ә) соның негізінде әрекет етудің әділ үлгісін тудыру, яғни есептің шешімі ішкі, маңызды жоспарға жүгінеді, ал ол, өз кезегінде, есептегі жағдайдағы пәндік байланысты үлгілеу құралдарын болжамдайды.
- Үшінші деңгей (функционалды)
Әрекет етудің саналы мүмкіндіктер жазықтығында бағыттану және оның шектерін білу. Берілген деңгейдегі әрекеттің құрамына енеді:
а) әрекет ету нұсқасының жазықтығы мен оның шегін қайта құру;
ә) шешімін іздеген есепте осы нұсқаларды саналы түрде байқап көру, ал бұл – есептің кез келген элементтерін түрлендіруді болжамдайды.