Инструмент оценки качества освоения содержания и динамики учебных достижений школьников | SAM
+7 (499) 653 51 10
sam@ciced.ru
YouTube
flagEnglishflagРусскийflagTajik
flagҚазақ
  • Басты
  • Құрал туралы
  • Бұл қалай жұмыс істейді?
  • Халықаралық сараптау
  • SAM негізгі зерттеулер

Бұл қалай жұмыс істейді?

Home Бұл қалай жұмыс істейді?
Есептерді қалай құрастырады?
Тестілеуді қалай өткізеді?
Қалай талдаймыз?
Нәтижелерін қалай жақсартуға болады?
Есептерді қалай құрастырады?
  • Тестілеу барысында жетілетін білім беру мақсаттарының тізімі бар оқу пәнінің негізгі бөлімдері бар кестені құрастыру.
  • Берілген бөлімге сәйкес келетін икемділік негізін қалайтын құралдардың жиынтығы белгіленеді.
  • Оқу мазмұнының әр бөлімі үшін бірнеше есептік топтамалар құрастырылады, олардың әрқайсысы үш есептен құралады – 1,2 және 3 деңгейлі.
  • Топтама аясында, есептер қиындық деңгейіне сай бағынышсатыны құрауға тиіс: бірінші деңгейлі есеп ең оңай, ал үшінші деңгейлі – ең қиын.

Берілген құрылымның арқасында тесттегі әр топтама оқу материалына сай бөлімнің иемдену деңгейін анықтайтын детектор қызметін атқарады.

Үш деңгейлі есеп оқу пәнінің мазмұнын иемдену үш деңгейіне сай келеді:

  • Бірінші деңгей (ресми)

Есептегі жағдайдың сыртқы сипаттамалары мен әрекет етудің үлгілеріне бағыттану, соның ішінде:

а) есепті сыртқы сипаттамалар бойынша қайсыбір топқа (түрге) жатқызу;

ә) сәйкесінше, үлгіні немесе стандарттық кестені (алгортимді, әдісті, ережені) жаңғырту.

  • Екінші деңгей (рефлексиялық)

Есептегі жағдайдың, әрекет етудің қағидалы мүмкіндіктерін анықтайтын, маңызды қарым-қатынасана бағыттану, соның ішінде:

а) есептегі жағдайдың элементтерін, біртұтас логикалық-пәндік құрылымға біріктіретін, маңызды қарым-қатынастарды іріктеп, шарттарын талдау;

ә) соның негізінде әрекет етудің әділ үлгісін тудыру, яғни есептің шешімі ішкі, маңызды жоспарға жүгінеді, ал ол, өз кезегінде, есептегі жағдайдағы пәндік байланысты үлгілеу құралдарын болжамдайды. 

  • Үшінші деңгей (функционалды)

Әрекет етудің саналы мүмкіндіктер жазықтығында бағыттану және оның шектерін білу. Берілген деңгейдегі әрекеттің құрамына енеді:

а) әрекет ету нұсқасының жазықтығы мен оның шегін қайта құру;

ә) шешімін іздеген есепте осы нұсқаларды саналы түрде байқап көру, ал бұл – есептің кез келген элементтерін түрлендіруді болжамдайды.

Тестілеуді қалай өткізеді?
SAM құралы тестілеудің екі түрін иеленеді:

  • Бланктік
  • Компьютерлік

Тестілеу уақыты: 80 минут (үзілісі бар 40 минуттан екі сабақ).

Тест дәптеріндегі есептердің саны: 45

Тестті орындау үшін қажет:

Бланктік түрде – қалам және тест дәптері. Қосымша құралдардың (сызғыш, калькулятор, кітаптар, шимай дәптерлер) қажеті жоқ.

Компьютерлік түрде – тестілеуге арналған бағдарламалық жасақтама орнатылған (off-line түрде) компьютер немесе Интернет желісіне қосылу (on-line түрде).

Тестте қысқартылған немесе толық жауабы бар ашық үлгідегі және ұсынылатын 4-5 баламасынан бір ғана дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігі бар жабық үлгідегі тапсырмалар пайдаланады.

Тестілеуге қатысуға келесі оқушыларға рұқсат беріледі:

  • қимыл-тірек апаратындағы бұзушылығы бар
  • дамуындағы ауытқулары бар
Қалай талдаймыз?

SAM мүмкіндіктерін суреттеу үшін РФ облыстық орталықтарындағы зерттеулердің бірі алынған, соның барысында қаланың барлық оқушылары (5 сыныптар) SAM тестілеуінен өткен.

Кесте 1. Орташа ұпай бойынша мектептердің рейтингі

Кесте оқушылардың орташа ұпайлары бойынша мектептердің рейтингін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді

Кесте 2. Қала мектептерінің орташа ұпайларының құрылымы

SAM қайсыбір сатыдағы орналасқан мектеп оқушыларының пайызын көрсетіп, мектептің орташа ұпайларының құрылымын көрсетуге мүмкіндік береді.

Кесте 3. Мектеп сыныптарында оқушылардың сатылар бойынша орналасуы

Кесте нақты мектептің орташа ұпайы қалай қалыптасатынын – мектеп сыныптарының орташа ұпайларының құрылымының қалыптасуын – көруге мүмкіндік береді.

Кесте 4. Үш деңгей бойынша есеп шығару туралы жеке мәліметтер

Кесте бір сынып ішіндегі оқушылардың көріністерін көруге мүмкіндік береді.

Кесте 5. Пайдаланатын ОӘК тәуелді сыныптардың орташа ұпайлары

Кестеде, мұғалім пайдаланатын оқу-әдістемелік кешенге тәуелді, сыныптардың орташа ұпайлары көрсетілген. Рейтинг қаланың барлық сыныптарынан құралады.

Кесте 6. Пайдаланатын ОӘК тәуелді сыныптардың орташа ұпайларының құрылымы

Кестеде мұғалім пайдаланатын оқу-әдістемелік кешенге тәуелді сыныптардың орташа ұпайларының құрылымы көрсетілген. Рейтинг қаланың барлық сыныптарынан құралады.

Кесте 7. Нақты мектептің сыныптарының орташа ұпайларының құрылымы. Сыныптар түрлі ОӘК пайдаланады

Кестеде нақты мектептің сыныптарының орташа ұпайларының құрылымы көрсетілген. Сыныптар түрлі оқу-әдістемелік кешендерін пайдалануы – кестенің ерекшелігі болып табылады. Кесте әр сыныпта оқу-пәндік мазмұнын меңгеруді және нәтиже ретінде – мектептің орташа ұпайына әр сыныптың үлесін көруге мүмкіндік береді.

Кесте 8. Нақты оқушының тақырыптық бөлімдер бойынша есептерді шығаруы

Кесте нақты оқушының бастауыш мектеп нәтижесі бойынша «математика» пәнінен тақырыптық бөлімдерді қалай меңгергенін көрсетеді.

Кесте 9. Нақты оқушы топатамалар бойынша есеп шығаруы

Кесте нақты оқушы, әр қайсысы 3 есептен тұратын (әр қиындық деңгейінен бір есеп) , есептер топтамасын қалай орындағанын көрсетеді.

Кесте 10. Есеп топтамаларын сыныптың шығаруы

Кестеде сынып оқушылары есеп топтамаларын қалай шығаратыны көрсетіледі. Жиі кездесетін деңгей кестеде қара қоңыр түспен көрсетіледі. Оқушылар жетпеген деңгей ешбір түспен боялмаған.

Кесте 11. Есеп топтамаларын сыныпта шығарылуы

Кестеде оқушылар есеп топатамаларын қалай шығаратыны көрсетіледі. Максималдық нәтиже сынып бойынша мәліметтер куб пішінін құрауға тиіс. Жеке жетістіктер деңгейі максималды болмаған соң, жеке оқушылардың да, орындалуы төмен болған тапсырмалардың да арасынан – сыныптағы қиындық туғызатын нүктелерге назар аударатын, түзу емес пішін қалыптасады.

Кесте 12. Түрлі жастағы оқушылардың мазмұнын меңгеру сатыларына жетуі

Кестеде оқушылар оқу барысында мазмұнын меңгеругеі қалай жететінін көрсетіледі.

Нәтижелерін қалай жақсартуға болады?
Тестілеу нәтижесін талдау және пайдалану

 

Білімді басқару органдары

Білім жүйесінің басқарушылық құрылымы деңгейінде тест көрсеткіштерінің келесі жиынтығы қызығушылық танытады:

  • Тест ұпайы – сынып / мектеп / қала
  • Оқушылардың жетісіктер сатылары бойынша таралуы – сынып / мектеп / қала
  • Бағдарламаның әр бөлімі бойынша тест ұпайы – қала
  • Оқушылардың бағдарламаның әр бөлімі бойынша жетістіктер сатылары бойынша таралуы – қала

Қала бойынша орташа тест ұпайы, жалпы мектеп жүйесінің білім нәтижелерін сипаттайды. Бұл шәкілденген ұпай мектеп мекемелерінің жергілікті жүйесінің оқушыларының салыстырмалы бағасын беруге мүмкіндік беретін, аудан бойынша орта статистикалық көрсеткіштерімен, және басқа қаланың (аудандардың) көрсеткіштерімен салыстыруды жасауға мүмкіндік береді.

Мектептер мен сыныптар бойынша орташа тест ұпайлары екеуінің де, қалалық мәліметтердің аясында, жергілікті мен басқа қалаларда орналасқан басқа мектептер мен сыныптармен салыстырғанда, қалалық мәліметтердің жетістілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Білім жүйесін басқару аясында пайдалы тәжірибесімен бөлісетін жемісті мұғалімдер тобын анықтау үшін әлеуметтік-мәдени қалыпқа сай жетістіктері бар сыныптарды анықтау маңызды. Алда қалалық масштабтағы іс-шараларына қатыстыру мақсатында тығыз байланыс орнатуға болады.

Оқушылардың жетістік сатылары бойынша таралуы  – басқарушы үшін өте ақпаратты көрсеткіш. Қала деңгейінде ол оқушылардың жалпы контингентінің сапалы құрамын сипаттайды. Осы көрсеткіштің аясында жағымсыздық аймағын, яғни бағдарламаны бірінші деңгейде де меңгермеген, оқушылардың саны артығырақ болған мектептерді анықтау мақсатында, ұқсас көрсеткіштерді қарастыруға болады.

Сонымен қатар, балалардың басым бөлігі бірінші деңгейді көрсеткен, яғни мәдени-жастық қалыпқа сай келмейтін, мектептерге де көңіл бөлген дұрыс. Нақты қалып теориялық негізде енгізілген, және сынау мен деректі мәліметтермен салыстыру сатысында орналасқан. Дегенмен, оқушылардың қалыпқа сай болмағанын назардан тыс қалдырмаған жөн. Мұнан былай жағдайды жақсарту үшін осы мектептердегі білім жағдайын орнында зерттеу қажет.

Мектеп деңгейінде оқушылардың жетістік сатылары бойынша таралуы үлгерімдік деңгейі бойынша балалар контингентінің тектестігін сипаттайды. Тектестік/әртектілік факторы көптен бері педагогтардың назарының объектісі болып жүр. Бұл сұрақ бойынша кем дегенде екі көзқарас бар: а) үлгерім деңгейлері әртекті балаларды түрлі сыныптар мен мектептерге тарату арқылы контингенттің тектестігіне жету; ә) сыныпта (мектепте) түрлі деңгейдегі балалар бірқалыпты көрсетілген жағдайда әртектілік пайдалы.

Нақты жағдайда SAM-ды пайдалану оқу жетістігі аясында контингенттің тектестігін бағалау үшін әділ негіз қамтамасыз етеді.

Әдіскерлер үшін қала деңгейінде сатылар бойынша таралу мен тест ұпайларын салыстыру негізінде оқу мазмұнының жеке бөлімдерінің меңгерілу табыстылығын талдау жүргізуге болады. Бұл мәліметтер оқытудың әдістерін жетілдіру мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша басым қадамдарды анықтау үшін пайдалы болуы мүмкін.

Мектеп әкімшілігі   

Мектеп әкімшілігі үшін қызығушылық танытады:

  • Тест ұпайы – оқушы / сынып / қала
  • Оқушылардың жетістіктер сатылары бойынша таралуы – сынып / қала
  • Көрініс – сынып

Нақты мектеп  пен қаладағы нақты мектептің әр сыныбы бойынша орташа тест ұпайлары оқу табыстылығы аясында өзара сыныптарды салыстыруға мүмкіндік береді, оған қоса нәтиже деңгейін қалалық көрсеткіштер мен әлеуметтік-мәдени қалыппен салыстыруға мүмкіндің туғызады. Осы суреттемені иемдену әкімшілікке қала мен аумақ ішінде өз мектебінің әділ орнын бағалап, өзінің оқушыларының әрі қарай ЖОО түсуге мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жеке тест ұпайлары қалалық олимпиадаларға қатысу үшін тәжірибелі оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Әкімшілікке оқушылардың жетістіктер сатылары бойынша таралуы туралы жалпы айқын түсінігі болу маңызды. Бұл, алғашқы даму аймағы аясында  оқушыларды сипаттайтын ақпарат, жалпы үлгерімділікті жоғарылату мақсатында, әрекет ету бағыттарын анықтау үшін пайдалы болуы мүмкін. Таралуды білу нақты сыныптарда оқушылардың тектестік/әртектілік құрамы туралы мәселелерді шешу барысындағы бағытты құрастыру үшін де маңызды. Сонымен қатар, әкімшілікке кейбір мұғалімдерге методикалық демеу көрсету туралы шешімдерді қабылдау үшін біршама негіз пайдала болады, соның ішінде БАИ курстарына жіберу арқылы.

Нақты тесттегі әр деңгей тапсырмаларын орындау салыстырмалы шамасын белгілейтін сыныптың көрінісі, қатардағы сыныптардың көріністерімен, сонымен қатар тестілеудің үлгілі нәтижелері бар сыныптардың көріністерімен салыстырғанда, мұғалімнің педагогикалық стратегиясы жайында, оның материалды ұғынудың нақты бір деңгейіне көзделуі туралы кейбір ақпаратты береді.

Мұғалімдер

Негізгі мектеп мұғалімдері

Нақты санат үшін балалардың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгеру сатылары бойынша таралуы қызықтырады. Бұл көрсеткіш мұғалімдерге жаңа түсініктерді ұғыну барысында сыныптың қай бөлігі қиналып қалатыны туралы түсінік береді. Оқушылардың контингентінің құрылымын сипаттайтын осы таралу педагогикалық стратегияны анықтау үшін нақты негіз береді, нақтырақ айтсақ уақыт ішінде оқу мазмұнының, материалды ұсынудың түрін таңдауының, сабақта балалардың әрекеттесуін ұйымдастырудың әдістерінің таралуын және т.б.

Салыстырмалы әлсіз сыныпқа тап болған негізгі мектеп мұғалімдеріне жаңа материалды ұсыну барысында бастауыш мектеп бағдарламасын меңгерудегі кемшіліктерді толтыруға тырысып, 6 сыныпты аяқтаған кезде бастауыш сыныпқа арналған SAM құралы арқылы қайта тестілеу жүргізудің көмегі зор болар.

Бастауыш мектеп мұғалімдері

Бастауыш мектеп мұғалімі SAM құралынан және оны пайдаланудың нәтижесінен жұмысына пайдалы мол ақпарат алуы әбден мүмкін. SAM құралымен танысудың өзі мұғалімге оқу үдерісінің негізгі жағдайларын түсінуге бағыт береді: пәндік мазмұнның негізгі бірліктері мен бөлімдерін анықтайтын тесттің технологиялық кестесін; оны меңгеру үдерісін үлгілейтін үшдеңгейлі кестені; оқу материалының ауқымын құрайтын есептердің түрленуін. Меңгерілген жағдайда бұл жалпыланған ұғымдар кестесі оқу үдерісін басқару мен ұйымдастыру бағыттарының жиынтығын толықтыра түседі.

Қорытынды тестілеуге тоқталсақ, ол мұғалімге өз қызметінің нәтижесіне әділ баға беруге, жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға және жаңа қабылданған оқушылармен жұмыс жасау бағыттарын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің, нақты балалар мен сыныптарды сипаттайтын, SAM көрсеткіштерінің барлығы қызығушылығын танытады:

  • Тест ұпайы – оқушы / сынып
  • Жетістіктер сатысы – оқушы
  • Жетістіктер сатылары бойынша оқушылардың таралуы – сынып
  • Жетістіктер көрінісі – оқушы/ сынып
  • Әр есеп бойынша бастапқылық баға кестесі – оқушы/ сынып

Нақты оқушылар мен жалпы сыныптың тест ұпайлары – өзінің және басқа сыныптардағы құрдастарымен салыстырғанда, әр тәрбиеленушінің табыстылығын, қатардағы сыныптармен салыстырғанда сынып табыстылығын бағалауға, ол көрсеткіштерді орташа статистикалық және әлеуметтік-мәдени қалыппен салыстыруға мүмкіндік беретін шәкілденген көрсеткіштер.

Оқушының жетістік сатысы – жас ерекшелік үлгімен салыстырып бағалауға болатын сапалы көрсеткіш.

Сынып оқушыларының жетістіктер сатылары бойынша таралуы –  дайындық деңгейлері бойынша сапалы ажыратылатын топтардың құрылымы мен саны туралы түсінік береді. Таралу суреті сыныпта жүзеге асырылатын оқу үдерісін ұйымдастыруды анықтауға мүмкіндік береді.

Сипатталған үш көрсеткіш метрлік шәкілге байланып,  қосындысында мұғалімге өз қызметіне ретроспективті талдау жасауға сенімді негіз береді. Онымен қоса тестілеу нәтижелерінде, оқытудың қорытынды суретін тәптіштеуге мүмкіндік беретін, қосымша ақпарат бар.

Осылай, сынып жетістіктерінің көрінісі, қатардағы және үлгілі сыныптармен салыстырғанда, мүғалімге оның қандай стратегияны нақты жүзеге асырып жүргені, оның пайдаланатын оқыту әдістері қандай мақсатқа бағытталғанын дұрыс ұғынуға мүмкіндік береді.

Нақты оқушылардың жетістіктер көріністері мұғалімге олардың оқыту жолдарының ерекшеліктерін анықтап алуға және әділ мәліметтерді оның интуициялық пікірлерімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Әр тапсырма бойынша бастапқылық баға кестесі мұғалімнің қолында тест дәптерлері болған жағдайда, сынып немесе нақты оқушылар үшін нақты тапсырмалардың қиындық себептерін талдауға мүмкіндік беретін, іс жүзіндегі мол материалды береді.

© 2021 SAM (Student Achievements’ Monitoring). CICED